Үкім заңды күшіне енген жоқ

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 сотында ҚР ҚК-нің 346-бабы 1 бөлігімен  (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) айыпталған Т-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғаны, азамат Т., 2016 жылдың қыркүйек айының ортасында сағат 05.30 шамасында орташа деңгейдегі масаң күйде болып, көлік басқаруға Қазақстан Республикасының Жолда жүру қағидаларының 2.4.2 бөлігінің  талабымен тыйым салынғанын біле тұра қасақана заң талаптарын бұзып маркасы «ToyotaCorolla» автокөлігін басқарған. Бұған дейін көлік басқару куәлігінен 2 жыл мерзімге айырылған азамат Т., сағат 05.30 шамасында Сейфуллин көшесінің бойымен оңтүстік бағытта Сәтпаев көшесінің қиылысында ЖПП ӘПБ ІІД-нің қызметкерлерімен тоқтатылған.

Сотталушы Т., басты сот отырысында өзіне тағылған айыпты толығымен мойындады.

Сот үкімімен Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің  346 бабы 1 тармағымен  айыпталған Т., кінәлі деп танылып, 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде  айыппұл салынып, көлік басқару куәлігінен 3  жыл мерзімге айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі