Тараптар бітімгершілік келісімге келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы  Бостандық аудандық  сотында ашық сот отырысында талапкер «А»-ның «ГБГ Д»-ға бала күтіміне алимент өндіру және «ГБГ Д»-ның «А»-ға қарсы талабымен басқа табыстың немесе табыстың 1/14 бөлігінен  алиметтің көлемін анықтау туралы азаматтық іс қаралды.

    Сот отырысында «А»-мен «ГБГ Д» тараптары арасында жасалған бітімгершілік келісімдерін  ұсынды: Талапкер «А»  «ГБГ Д»-ға қарсы талабынан толық көлемде бас тартады, ал жауапкер «ГБГ Д» өзінің  талапкер «А»-ға қарсы талабынан бас тартады.

  Тараптар ортақ баласы талапкермен бірге тұруына келіседі. Баланың тұрғылықты мекен жайы өзгерген жағдайда, талапкер алдын ала жауапкерге хабарлауға міндетті. Тараптар келісті, яғни, баладан бөлек тұратын жауапкер оны тәрбиелеумен қоса білім алуы және басқада елеулі сұрақтарына араласуға  құқығы бар. Бала кәмелеттік жасқа толғанға дейін, жауапкер әр айдың 10-на дейін кешіктірмей негізгі келісімнің 3-ші бөлігінде көрсетілген 3 000 АҚШ доллары көлемінде талапкердің банктік шотына  ортақ баланы бағып күту мақсатына аударып отырады.

     Азаматтық іс бойынша өндіріс тоқтатылды.

     Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Бостандық аудандық соты