Сот іс-әрекетті заңсыз деп тану туралы талап арызды қанағаттандырусыз қалдырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының № 2 Әуезов аудандық  сотында талапкер Н. жауапкер Алматы қаласының әкімдігіне қатысты іс-әрекетті заңсыз деп тану, қаулыны бұзу, жіберілген қателіктерді жоюды міндеттеу туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер сотқа арызбен жүгіну себебін келесідей негіздеді: ол Алматы қаласы, Медеу ауданы, Кабилова көшесінде орналасқан, 105 үйдің иесі болып саналады. Аталған үй заң талаптарын сай, 25 қазан 2016 жылғы мұраға құқық беретін куәліктің негізінде  Әділет органдарында тіркелген, мұрагерлік бойынша аталған үйдің меншік иесі болып саналады. 2017 жылы талапкер Алматы қаласының әкімдігіне аталған жер учаскесін өз пайдасына аудару туралы арызбен жүгінген болатын. Бірақ, Алматы қаласы әкімінің қаулысы бойынша арызы қараусыз қалдырылды, себебі, қаланың Бас жоспары және Алматы қаласының құрылыс регламенті бойынша функционалдық аумақтардың жоспарды жүзеге асыру туралы Алматы қаласының Мәслихатының 20 қараша 2006 жылғы №284 келісілген шешімімен рекреациялық аумаққа жатады, жеке тұрғын үйлерді жариялауға рұқсат беретін функционалдық қолдануға жататын тізімге кірмейді, қызыл аумаққа кіреді және мазарлардың санитарлық қорғау аумағына кіреді.

Сотта анықталғандай, талапкердің дауласу тудыратын Алматы қаласы әкімінің қаулысы өзінің қызметтік шеңберінде және заң талаптарына сәйкес шығарылған.

Сот шешімімен талап қанағаттандырусыз қалдырылды.          

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 аудандық соты