Сот қарыз сомасын өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «БЖЗҚ» АҚ-ның жауапкер «DB» АҚ-нан қарыз сомасын өндіру туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Іс материалдарынан анықталғандай, салымшы «БЖЗҚ» АҚ-мы мен Банк арасында банк салымы келісім шарттары жасалған.

Банк салымы №22/1222келісім шарты бойынша салым сомасы 1 000 000 000 теңгені құрайды, салым мерзімі 14.06.2016 жылдан 14.06.2017 жылға дейін анықталған, қайтару мерзімі 15.06.2018 жыл.

Банк салымы №22/1576 келісім шарты бойынша  салым сомасы 1 500 000 000 теңгені құрайды, салым мерзімі 16.08.2016 жылдан 16.08.2017 жылға дейін анықталған, қайтару мерзімі 17.08.2017 жыл.

Қазақстан Республикасының АК-нің 761-бабына сәйкес, Банк салымы шарты бойынша банк сыйақыны банк салымы шартында белгiленген тәртiппен және мөлшерде төлейдi.

Анықталғаны, талапкер банк салымы келісім шартының 2.6 және 3.3. тармақтар шарттарын басшылыққа ала отырып, оларға сәйкес, салымшының бастамасы бойынша келісім шартты мерзімнен бұрын бұзу жағдайында, Банк арызды алған күннен 3 жұмыс күні ішінде салым және сыйақы сомасын төлеуге жасауға міндетті, талапкер жауапкерге келісімді мерзімнен бұрын бұзылғаны туралы және  сәйкес салым сомасын, есептелген сыйақы сомасын қайтару талабымен хабарлама жолдаған.

Жауапкер қазіргі уақытта бір уақытты төлем жасауды жүзеге асыру мүмкіндігінің жоқ екендігін көрсеткен, Банк лицензиясын уақытша тоқтатуына байланысты, осыған сәйкес депозит бойынша төлем жасауда кезектілік пайда болған.

Демек,  жауапкер банктік салым келісім шарттары бойынша салым және сыйақы сомасын қайтару бойынша міндеттерді бұзғандығын жоққа шығарған жоқ.

Қарыз сомасын салыстыру актісіне сәйкес, екі жақпен қол қойылған, жаупкердің талапкер алдындағы қарызы №№ 22/1222 банктік салым келісім шарты бойынша 1 113 388 888 теңгені құрайды, ал №22/1576 келісім шарты бойынша – 1 626 000 000 теңгені құрайды.

Қорыта келгенде, жауапкердің талапкер алдындағы қарызы туралы факт сотпен анықталды, жауапкермен дауланған жоқ және іс материалдарымен дәлелденген.

Сот шешімімен  талапкердің талабы толық көлемде қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енді.

 

Источник: 
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты.