Nur Otan партяисының іскерлік беделді қорғау туралы талап арызы сотпен қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында талап қоюшы « Нұр Отан партиясы» қоғамдық бірлестігінің, Тамара Шакированың, Разия Бахибекованың,  Дидар Аккуловтың,  Ержан Медеуовтың жауапкерлер Санавар Закироваға, Марат Турымбетовке, Альнур Ильяшевқа берген іскерлік беделді қорғау, моральдық шығынды өндіру туралы азаматтық ісі  қаралған болатын.

Талап арызға сәйкес  NurOtan партиясы  «Наше право» саяси партияның құрылуына кедергі жасап жатқаны туралы   жалған ақпарттарды жауапкерлер таратқан.

Аталған ақпараттар Facebook, Twitter сияқты әлеуметтік желілерде және «Vласть», exclusive.kz, bureau.kz, rknews.kz атты интернет ресурстарында жарияланған.

Талапкерлер, аталған ақпараттардың NurOtan партиясының еліміздің тұрғындарының және Әлем қоғамдастығының алдында беделін бұзып отыр есептеп отыр.

Осыған байланысты, «NurOtan партиясы» ҚҰ-ның  «Наше право» саяси партияның құрылуына кедергі жасап жатқаны туралы ақпаратты жалған деп танып, NurOtan  партиясының және партия мүшелерінің ар-намыс беделін бұзды деп санап,  жауапкерлердің  Facebook парақшаларында аталған ақпаратты  жоққа шығаруды,   моральдық зиянды өндіруді сұраған болатын.

Жауапкелер, келтірілген талап арызды мойындамай, таратылған ақпаратты шындыққа сәйкес келеді деп санап, келтірілген талаптардың орынсыз екенін мәлімдеп,  талап арызды қанағаттандырусыз қалдыруды сұрады.

 Осыған байланысты,   сот шешіміен  Nur Otan партиясының  талап арызы қанағаттандырылып, партия мүшелерінің талап арыздары жартылай қанағаттандырылды.

Жауапкерлер  жеке Facebook парақшаларында жарияланған ақпаратты жоққа шығаруға міндеттелді.

Одан бөлек, жауапкерлердің әр-қайсысынан Т. Шакированың,  Р. Бахибекованың,  Д. Аккуловтың, Р. Медеуовтың пайдасына моральдық шығын ретінде 1 500 000 теңге қаржы соммасы өндірілді.

 

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

 

 

 

 

Источник: 
Алматы қаласы Жетісу аудандық соты