Есірткі сатқаны үшін бас бостандығынан айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы  Жетісу ауданының №2 аудандық сотында «ZOOM» бағдарламасы арқылы Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 297-бабының 1-бөлігімен  сотқа берілген И.-ге  қатысты қылмыстық іс қаралды.

Соттың үкімімен И. кінәлі деп танылып, оған 5 жыл бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеу белгіленді.

Сот отырысында анықталғандай, 2020 жылдың қаңтар айында сотталушы,   үйінің жанында тұрып, лақап аты «А» есімді азаматқа 5000 теңгеге есірткі затын сатқан.

Сотталушы өз кінәсын  толықтай мойындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық соты