Авторлық құқық қорғалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талапкер Д.  "S" ЖШС, У., Л., К. жауапкерлерінің белгілі веб-серияға сценарий жазу кезінде оның кітабын пайдалану фактісін негізге ала отырып, көпшілік алдында тануға мәжбүрлеу және 15 000 АЕК мөлшерінде авторлық құқықты бұзғаны үшін өтемақы және 300 000 000 теңге моральдық зиянды өтеу туралы талап арызбен сотқа жүгінді.

Сот жауапкердің веб-сериалдың сценарийін жазу кезінде талап қоюшының кітабында көрсетілген оқиғаларға сүйеніп жазғанын анықтады.  Сонымен бірге, жауапкерлер бұл фактіні жоққа шығармай, талапкердің кітабы елімізде әртүрлі уақыт аралығында болған нақты қылмыстарға негізделгенін, сондықтан ҚР ҚК 974-бабының талаптарын негізге ала отырып, авторлық құқықтың бұзылуын мойындамады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, ақпараттық сипаттағы оқиғалар мен фактілер авторлық құқық объектісі болып табылмайды және талапкер оларды монополиялай алмайды. Осыған байланысты олар соттан талап арызды толығымен қанағаттандырусыз қалдыруды сұрады.

Сот тараптардың барлық уәждерін мұқият талдап, куәларды тыңдады. Нәтижесінде сараптамалық қорытындыларды зерделеп, бір қорытындыға келді.

Талапкер бұл кітапты жазу кезінде ІІМ мен республика соттарының мұрағаттарын, қылмыстық істер материалдарын зерделеу бойынша белгілі бір жұмыс жүргізген. Сондай-ақ қылмыстарды ашуға тікелей қатысқан бұрынғы құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің естеліктерін авторлық интерпретацияны қолдана отырып пайдаланған. Аталмыш әрекеттерді ескере отырып сот кітапты шығармашылық жұмыстың нәтижесі деген қорытындыға келді.

ҚР АПК-ның 972-бабының 3-тармағына сәйкес  авторлық құқық объектiлерiне:

      1) туынды шығармалар (аудармалар, өңдеулер, аннотациялар, рефераттар, түйiндеулер, шолулар, инсценировкалар, музыкалық аранжировкалар және ғылым, әдебиет пен өнер туындыларының басқа да қайта өңделiмдерi);

      2) жинақтар (энциклопедиялар, антологиялар, деректер базалары) және басқа да iрiктелу және (немесе) материалдардың орналасуы бойынша шығармашылық еңбек нәтижесі болып саналатын құрастырылған туындылар жатады.

      Туынды және құрастырылған шығармалар оларға негiз болған немесе олар қамтыған шығармалардың авторлық құқық объектiлерi болу-болмауына қарамастан авторлық құқықпен қорғалады.

Сот отырысында талапкер АПК-ның 72-бабына сәйкес жауапкерлердің өзіне тиесілі құқықтарды заңсыз пайдалану фактісін жеткілікті дәрежеде дәлелдеді. Ал жауапкерлер авторлық құқық объектісіне қатысты жасаған әрекеттерінің заң талаптарына сәйкес келетіндігін және автордың құқығын бұзбағандығын дәлелдемеген.

Авторлық құқық объектісі болып табылатын талапкердің кітабын жауапкерлер жазбаша сценарий түрінде автордың келісімінсіз пайдаланғандықтан, сәйкесінше талапкердің жауапкерлерге авторлық құқықтың бұзылғаны үшін өтемақы өндіру туралы талаптарын сот негізді деп санап, қанағаттандыруға жатады деп таныды.

Сот барлық мән-жайларды ескере келе, парасаттылық пен әділеттілік қағидаттарына сүйене отырып, талапты ішінара қанағаттандырды. Сондай-ақ жауапкерлерге кітапты пайдалану фактісін аталған сериалдың кредиттерінде қосып, көпшілік алдында мойындауға міндеттеді.

 Жауапкерлерден талапкер пайдасына 1 000 АЕК көлемінде өтемақы және 1 000 000 теңге моральдық залал, сонымен қатар сот шығындары өндірілді. Ал талап арыздың қалған бөлігі қанағаттандырусыз қалдырылды.

Соттың шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі