Атқарушылық іс жүргізудегі проблемалық мәселелер 

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін  Алатау, Бостандық аудандық соттары мен Алмалы ауданының №2 аудандық соты және Алматы қаласы прокуратурасының, Әділет департаменті мен қалалысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының қатысуымен "Атқарушылық іс жүргізудегі проблемалық мәселелер" тақырыбында "дөңгелек үстел"өткізілді.

Сот актілерін орындау мәселелерін талқылауға Алатау аудандық сотының төрағасы Тлеубаев Д.Н., Бостандық аудандық сотының судьясы Лесбаев Б., Алмалы ауданының №2 аудандық сотының судьясы Қажыкен Ұ.Қ., Алматы қаласы прокуратурасының басқарма бастығы Молдаханов Н.А., Әділет департаменті бастығының орынбасары Жексеков А.А., қалалық жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының бастығы Махат Ә.М., оның орынбасары К. Б. Садықов және жеке сот орындаушылар Ибраев Ә.,  Абдиханов М. қатысты.

Біздің елімізде соңғы жылдары атқарушылық құжаттарды орындау мәселелеріне көп көңіл бөлінуде. Атқарушылық іс жүргізу туралы заңнаманы жетілдіру бойынша пәрменді шаралар қабылданды, атқарушылық іс жүргізу органдарының жүйесі мен құрылымы өзгерді, сот орындаушыларын материалдық–техникалық қамтамасыз ету жақсарды. Жоғарыда көрсетілген уақтылы шешімдер, жалпы алғанда, оң нәтиже берді.

Сонымен қатар, сот актілерін орындау кезінде туындайтын өзекті мәселелерді талқылай отырып, судьялар мен "дөңгелек үстелдің" басқа да қатысушылары өз сөздерінде орын алған кемшіліктерді, жұмыстағы олқылықтарды атап өтіп, оларды шешу жолдарын көрсетті.

Атап айтқанда, атқарушылық іс жүргізудегі жеке сот орындаушысының рөліне, атқарушылық іс жүргізулердің және санкциялауға жіберілетін құжаттардың сапасына көрсетілген.

 

 

Қайнар: 
Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық соты