Атқарушылық құжаттаманы беру туралы міндетін орындамау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талапкер «ГВС» ЖШС-нің жауапкер «Г» ЖШС-гін атқарушылық құжаттаманы беруге мәжбүрлеу туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс материалдарынан анықталғаны, тапсырыс беруші «ГВС» ЖШС-гі мен мердігер «Г» ЖШС-гі арасында объектіде жұмыстарды орындау  туралы  мердігерлік келісім шарты жасалған.

Тараптар өкілдері жұмыстар жауапкермен толық көлемде орындалғанын дәлелдеді, талапкермен қабылданды және олардың арасында өзара есеп жасалды.

Бірақ, жауапкер барлық орындалған жұмысқа техникалық және орындаушылық құжаттаманы тапсырыс берушіге тапсыру міндетін орындамаған. Келісімнің шарттарынан көзделген, атқарушылық құжаттама – жұмыс құттамасының толық жиынтығы, нақты орындалған жұмысқа сәйкес түзетілген, оның ішіне атқарушылық құжаттамаға байланысты ҚР заңнамасына сәйкес барлық құжаттар кіреді.

Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі