Архив событий

20/03/2019

Бостандық аудандық сотындағы дөңгелек үстелдер өткізу барысында қолданыстағы Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша сұрақтар талқыланды

20/03/2019

«2019 жылғы 21 қаңтардағы № 217-VІ ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңымен қабылданған Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы жер заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, оның ішінде: 31 тамыз 1995 жылғы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, 31 қазан 2015 жылғы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне, 14 шілде 1995 жылғы «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, 02 сәуір 2010 жылғы «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша сұрақтары, сонымен қатар «Соттағы татуластыру процедуралары» Пилоттық жобаны іске асыру, оның ішінде банктік даулары бойынша сұрақтары талқылаудың тақырыбы болып табылды.

Мемлекеттік тілдің дамуы

20/03/2019

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Мемлекеттік тілдің дамуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Сотта көктемгі сенбілік өткізілді

20/03/2019

Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қызметкерлері көктемгі сенбілік өткізді, қатысқандардың ішінде сот қызметкерлері мен сот судьялары.

Сот жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттеріне дәріс өткізілді

20/03/2019

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Еркин Майшинов әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғимаратында «Сот жүйесін жаңғырту мәселелері» тақырыбындағы дәрісін өткізді. Дәріске әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті қылмыстық-құқықтық мамандандыру бағытында білім алатын 3-курс студенттері, сондай-ақ Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз хатшысы Назерке Омарова қатысты.

Татуластырушы судьямен - әңгімелесу

20/03/2019

Алматы қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық сотында орналастырылған «Жанұя орталығында» татуластыру –судьясы Гүлшахар Чинибекованың, әл-Фариби атындағы ҚазҰУ профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, медицина және педагогика ғылымдарының докторы Совет-ханның Ғаббасовтың, медиатор Жайна Таберектің, психолог Нурлан Нургазиевтің, сондай-ақ, ерлі-зайыптылар Ержан мен Мадинаның және олардың кәмелетке толмаған балаларының қатысуларымен сота сотқа дейін татуластыру іс-шарасын өткізлді.

«Отбасылық сот» пилоттық жобасы шеңбеірінде Ауған соғысы ардагерлері бірлестігімен мемарандумға қол қойылды

20/03/2019

Алматы қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық сотында «Отбасылық сот» пилоттық жобасына арналған   Алматы қаласы әкімдігінің  жанындағы Ауған соғысы ардагерлері мен ауған соғысы мүгедектері қоғамдық бірлестіктерінің үйлестіру кеңесінің төрағасы Мурат Абдушкуровтың, сот  төрағасы Ардақ Ешеевпен Ювеналды сотының судьяларының қатысуларымен жұмыстық кездесу өтті.

Жанұя орталығы

20/03/2019

Алматы қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық сотында «Жанұя орталығы» атты тақырыпта  сот төрағасы Ардақ Ешеевтің,  татуластыру –судьясы Гүлшахар Чинибекованың,  әл-Фариби атындағы ҚазҰУ профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, медицина және педагогика ғылымдарының докторы Совет-хан Ғаббасовның, психолог Нурлан Нургазиевтің, медиатор Жайна Таберектің қатысуларымен жұмыстық кездесу  өткізлді.

Көп балалы отбасыларға көмек

20/03/2019

«20 игі іс-MeirliKyzmet» қайырымдылық науқанын жүзеге асыру мақсатында Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотынының ұжымы әлеуметтік жағдайы төмен,  көпбалалы отбасына көмек көрсетті.