Жазаны өтеу мекемесінде мәжбүрлі түрде нашақорлықтан емделу тағайындалған
Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотында А.-ны Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296 бабының 4 бөлігімен айыптау (есірткі заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша қылмыстық іс қаралды.
Сотпен анықталғаны, 2017 жылдың 29 маусымында Алматы-1 станциясындағы ЖІІБ-ның қызметкерлерімен Алматы-2 станциясы темір жолында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде күдікті А. ұсталып, жеке тінту барысында 3 пакетке оралған салмағы 1,16 героин есірткі затты алынған.
Басты сот талқылауында сотталушы А. тағылған айып бойынша кінәсін толығымен мойындады.
Сот үкімімен А. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296 бабының 4 бөлігінде көрсетілген қылмысты жасауда кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаны қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орта мекемесінде өтеу белгіленді.
Қазақстан Республикасының ҚК-нің 91 бабының 1 бөлігінің 4 тармағына сәйкес, сотталған А.-ға жазаны өтеу мекемесінде мәжбүрлі түрде нашақорлықтан емделу тағайындалған.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.