Қолхат бойынша қарыз қанағаттандырылды
29/06/2017
Алматы қаласының №2 Әуезов аудандық сотында талапкер Е. жауапкер К-ге қатысты қарыз соманы өндіру туралы азаматтық іс қаралды.
2016 жылдың тамыз айының 13-де Е. және К. арасында жазбаша келісім шарт жасалған, келісім шарт нотариуспен расталған. Келісім бойынша К. 10 380 000 теңгені 2016 жылдың тамыз айының 20-да қайтаруы тиіс болатын, алайда көрсетілген уақытта жауапкер берешек ақшалай қаржыны қайтармаған. Талапкердің қарызды қайтару туралы талабына жауапкер тек «қайтарам» деген уәде беріп келген. Соңғы уақытта жауапкер көрсетілген мекен-жайда тұрмайды және қарызды қайтарудан жалтарып жүрген.
К. талап арызы сот шешімімен толық қанағаттандырылды.
Шешім заңды күшіне енген жоқ.
Источник:
Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 аудандық соты