Дау медиация тәртібінде реттелді
23/05/2017
Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында «Е» талапкердің «Б» жауапкерге жауапкерді техникалық қызмет көрсету және жалпы қолданыстағы инженерлік желілерді жөндеуге міндеттеу туралы азаматтық іс медиация тәртібінде қаралды.
Азаматтық істі қарастыру барысында екі тараптан да дауды медиация тәртібінде реттеу туралы өтінішхат түсті. Келісімге сәйкес, жауапкер өз үйіндегі ыстық және суық су желілерін және құбырларды жабу үшін рұқсат беруге, ал талапкер 10-15 см.-дегі еден астындағы құбырларды ауыстырғаннан кейін, сонымен қатар ыстық және суық су желілерін жөндеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін жауапкердің пәтеріндегі қорапты қалпына келтіруге міндеттенді.
Сот ұйғарымымен бейбіт келісімі бекітілді.
Ұйғарым заңды күшіне енді.
Источник:
Алматы қаласы Бостандық аудандық соты