Құрал-саймандарды қайтару туралы талап арыз қанағаттандырылды
Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында талапкер «P» ЖК жауапкер Б.-ға қатысты қарыз соманы өндіру және құрылыс саймандарын қайтару туралы азаматтық ісі қаралды.
2016 жылдың тамыз айының 20-жұлдызында Б.-мен «P» ЖК арасында құрал-саймандарды жалға алу туралы келісім жасалған, келісімнің 1.1 тармағы бойынша жалға беруші құрал-саймандарын толық көлемде және уақытша қолдануға ұсынған болатын.
Жоғарыда айтылған келісім бойынша бағасы 432 000 теңгені құрайтын, 270 м2 құрылыс тақтайларын, айына жалғау алу құны 54 000 теңгеге ұсынған болатын.
Келісім қол қойылған сәттен бастап қазіргі күн аралықта Б.-нен жалға алынған құрал саймандар үшін төлем жүргізілмеген және жалға алынған мүлік қайтарылмаған.
Өз міндетін орындамағанына байланысты, жалға алынған құрал-саймандар үшін төлену керек төлем көлемі 7 айға 54 000 теңгеден есептегенде 378 000 теңгені құрайды.
Жоғарыда айтылған мәліметтерді назарға ала отырып, ҚР АПК-нің 221-222 баптарына сүйене отырып сот:
Сот шешімімен «P» ЖК-нің Б.-ға берген қарыз соманы өндіру және құрал-саймандарды қайтару туралы талап арызы қанағаттандырылды.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.