Кәмелет жасқа толмаған балаларды күтіп бағу үшін алимент өндіру туралы талап арыз қанағаттандырылды
23/08/2016
Әуезов ауданының №2 аудандық сотында М-нің А-ға кәмелеттік жасқа толмаған балаларына алимент өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.
Талапкер жауапкер А-дан кәмелеттік жасқа толмаған балаларына алимент өндіру туралы берген талап арызын келесімен негіздеді, 2002-жылғы 07-желтоқсанда жауапкер А-мен заңды некеге тұрған. Ортақ некеден кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар. Жауапкер А-ның отбасына өз еркімен материалдық көмек көрсетпегендігіне байланысты, кәмелеттік жасқа толмаған балаларын асырап бағу үшін, оның айлық және басқа да табыстарынан 1/3 көлемінде алимент өндіруді сұрады.
Сот тараптардың түсініктерін тыңдап, іс құжаттарын зерттеп, талап арызды қанағаттандырды.
Шешім заңды күшіне енген жоқ.
Источник:
Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі