«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңын бұзғаны үшін айыппұл салынды
27/07/2016
Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында ҚР ӘҚБтК 319 бабы (өндірістік , тұрғын үй, шаруашылық, гидротехникалық немесе тұрмыстық объектілерді жерге тиісті құқықсыз заңсыз салу) бойынша Ж.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Каменский ауылдық округінде Ж. «БТА Банк» АҚ-на тиесілі жерге өлшемі 10х6 көлемді тұрмыстық объектіні тиісті құқықсыз заңсыз салғаны анықталған.
Сот қаулысымен Ж. әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 15 айлық есептік көрстекіш 31815 теңге көлемінде айыппұлға және заңсыз тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Қайнар:
Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының баспасөз қызметі