Сот жалақы бойынша берешекті өндірді
10/06/2016
Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкер В.П.П.-ның жалақысын өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.
Азаматтық істің құжаттарынан, 10 наурыз 2009 жылғы келісім бойынша, ол 2014 жылға дейін ЖШС-де жұмыс істеген. Сол себептен талапкер «СредАзЭнергоСервис» ЖШС-нен жалақыны өндіріп алу туралы талап арызымен жүгінді. Жауапкер жалақы төлеу жағынан өз міндеттерін орындамаған.
Сол себептен талапкер сотқа жүгінді.
Сот азаматтық істің материалдарымен және тараптар ұсынған дәлелдемелерді зерделеп – талапты қанағаттандыруды шешті.
Шешім заңды күшіне енген жоқ.
Источник:
Алматы қаласы Медеу аудандық сотының баспасөз қызметі