Алматыда «Интернетте сөз бостандығы мен лексикаға төзбеушілік» тақырыбында екі күндік тренинг өтуде
21/04/2016
ЕҚЫҰ Астанадағы Бағдарламалар кеңсесі мен «Құқықтық медиа орталығы» ҚБ-ның бастамасымен ұйымдастырылған тренингке судьялар, сот мамандары, Алматы қаласының әкімдігі мен ІІД баспасөз-қызметінің өкілдері, журналисттар мен блоггерлар қатысты.
Тренингте сарапшылар ретінде Орталық Азияның бітімгершілік және медиатехнология мектебінің директоры (Қырғызстан Республикасы) Инга Сикорская, «Сова» ақпарат және талдау орталығының өкілдері (Ресей Федерациясы) Александр Верховский және Наталья Юдина, сондай-ақ «Құқықтық медиа орталығы» ҚБ-ның өкілдері Диана Окремова мен Гүлмира Біржанова қатысты.
Тренингке қатысушылар Интернетте сөз бостандығы мен лексикаға төзбеушілік, халықаралық құқық пен ЕҚЫҰ елдерінің ұлттық заңнамасы, қылмыстандыру шегі мен сөз бостандығын шектеуді теріс пайдалану, интернеттегі қоғамның қарсылығы, интернетте нәсілшілдік арандатушылық контентін шектеу және жою туралы өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, семинар барысында терроризммен, ақпараттың сапалы берілуімен, медиа-мәтіндегі контент дауымен байланысты мәселелер талқыланды.
Источник:
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі