Сот арызды қанағаттандырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алмалы ауданы №2 аудандық сотында арызданушы С.-тің заңдық маңызы бар факті – еңбек қарым қатынаста тұрғаны туралы арызы  қаралды.

Арызданушы С. сотқа Алматы облысының Қаскелен ауданының «Пригородный» совхозында 1969 жылдан 1986 жылға дейін, Алматының трамвай мен троллейбустардың басқармасында 1986 жылдан 1994 жылға дейін жұмыс атқарғанын анықтау туралы арызбен сотқа жүгінген. Арызданушы өзінің талаптарын келесімен дәлелдеген. 1969 жылдан 1986 жылға дейін Алматы облысының Қаскелен ауданының Пригородный совхозында, 1986 жылдан 1994 жылға дейін Алматының трамвай мен троллейбустардың басқармасында жұмыс атқарғанын, соны растайтын еңбек кітапшасы өртте жанып кеткенін, еңбек ұзақтығы зейнетақы төлемдерін тағайындауға қажет екендігін атап кетті.

Сот шешімімен арыз қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.                     

Источник: 
Алматы қаласы Алмалы ауданы №2 аудандық соты