Жауапкерлер талап арызды толық көлемде мойындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкер «АФ Ипотека» АҚ-ның жауапкерлер А.А.-қа және А.П.-ға кепілге салынған жылжымайтын мүлікті өндіріп алу туралы талап арызы қаралды.

Істің құжаттарынан, 07 мамыр 2007 жылғы қарыз алу щарты бойынша қарыз алушы А.А.-ке 19 687 000 теңге 240 ай мерзімге үй сатып алу үшін берілген. Аталған жылжымайтын мүлік қарыз алушының міндеттемесі бойынша кепіл мүлігі болып табылған және 03.09.2007 жылғы қарыз алу шарты бойынша жауапкер А.А.-ке 43 237 313 теңге 180 ай мерзімге жер учаскісімен тұрғын үй сатып алуға қарыз берілген. Аталған жылжымайтын мүлік және де қарыз алушының міндеттемесі бойынша кепіл мүлігі болып табылған.

Жауапкердің қарыз шарты бойынша міндеттерін орындамауына байланысты талапкер сотқа жүгініп және 13.07.2016 жылғы соттың шешімімен А.А.-тен қарыз шарты бойынша жалпы 37 225 851,70 теңге көлемінде қарыз өндірілген.

Талап арызда көрсетілген дәлелдерді ескеріп, талапкердің өкілі соттан кепілге салынған жылжымайтын мүлікті өндіріп алуды сұрады.

Жауапкерлер  А.А. мен А.П. талап арызды толық көлемде мойындап, соттан қанағаттандыруды сұрады.

Қазақстан Республикасы  АІЖК-нің  226 бабының 5 бөлігіне сәйкес, жауапкер талап қоюды мойындаған жағдайда уәждеу бөлігінде талап қоюдың мойындалғаны және оны соттың қабылдағаны ғана көрсетілуі мүмкін.

Соттың шешімімен  талап арыз қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.   

Источник: 
Алматы қаласы Медеу аудандық соты