Ұйғарым заңды күшіне енді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Түрксіб  аудандық сотында талапкер У.А.  жауапкер У.Р. келісім шартты заңды деп тану туралы талап арызы қаралды.

Талапкер сотқа жауапкерден қолхат бойынша жер телімінің 2/1 бөлігін сатып алып үй тұрғызғанын, бірақ осы уақытқа дейін құжаттарды заңдастыра  алмай жүргенін айтып сотқа жүгінді. Соттан өзіне тиесілі жер телімін сатып алу-сату шартын жарамды деп тануын сұрады.

Сот мәжілісі кезінде тараптар медиация тәртібімен дауды реттеу туралы шешім қабылдады.

Медиациялық келісім мен сот медиациясының процессуалдық салдары тараптарға сот тарапынан толық  түсіндірілді

Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.

Источник: 
Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының баспасөз қызметі