Азаматтық талап толық көлемде қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 202 бабының 1 бөлігі бойынша К.-ге қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Соттың анықтауы бойынша, К. өзінің бұрынғы ресми түрде ажырасқан жұбайы А. үйінде болған.

Жұбайының үйінде болғанда К. бұрынғы жұбайы А.-ға тиесілі «Iphone 7» маркалы телефонынан А. және бейтаныс бір тұлға арасындағы сүйіспеншілік хабарламаларын көріп қояды. Осының салдарынан, бұрынғы жұбайына деген қызғанышқа бой беріп, мән-жайды анықтауға А.-ға келеді және сол кезде екеуінің арасында ұрыс-керіс басталады.

Осыдан соң, 20:00 сағат шамасында К. А.-ға тиесілі «Iphone 7» маркалы телефонынын қолына алып сыртқа шығады да есік алдында тұрған темір бағанға бірнеше рет соғып, аула сыртынан лақтырып жібереді.

Әрі қарай, К. гаражға барып, металл тіреуді алып А.-ның автокөлігіне келіп, оның кузовы мен әйнегін соққылап, бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіріп, қылмыстық құқықбұзушылық жасаған орнынан тайып тұрды.

Сот мәжілісінде К. өзінің кінәсін мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрады.

Соттың үкімімен К. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 202 бабының 1 бөлігінде көзделген  қылмысты жасауда кінәлі деп танылып,  оған 200 айлық есептiк көрсеткiшi мөлшерінде, 481 000 теңге көлемінде айыппұл жазасы тағайындалды. Жәбірленуші А. азаматтық талабы толық көлемде қанағаттандырылды. К.-дан жәбірленуші А.-ның пайдасына материалдық шығын 1 539 479 теңге көлемінде қаражат өндіріліп алуға жатады. Сонымен қатар, жәбірленушілер қорына 24 050 теңге қаражат өндіріліп алуға жатады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

 

 

Қайнар: 
Алматы Медеу ауданының №2 аудандық соты