Дау медиация тәртібімен шешілді
Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында талапкер «Ш» жауапкер «Салем» Сақтандыру компаниясы» АҚ-на қатысты залалды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.
Азаматтық істі қарау барысында тараптардан істі медиация тәртібімен келесі шарттарда шешу туралы өтініш білдірді: жауапкер «Салем» Сақтандыру компаниясы» АҚ талапкерге медиативтік келісімге қол қойылған кезден бастап, 5 кун ішінде 1 869 000 теңге мөлшеріндегі сақтандыру төлемін төлеуін мойынына алады. Ал талапкер жауапкер «Салем» Сақтандыру компаниясы» АҚ-на қатысты зақымды өтеу туралы талап арызынан толықтай бас тартады. Тараптардың бір-біріне дау-дамайы жоқ.
Тараптарды тыңдаған соң сот жасасқан медиативтік келісімнің заңға қайшы келмеуіне байланысты медиативтік келісімді бекіту туралы ұйғарым шығарды.
Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.