Ілеспе жүкқұжатынсыз алкоголь өнімін сақтағаны үшін айыппұлға және тәркілеуге тартылды
Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында ӘҚБтК 282 бабаның 3 бөлігімен «CAB» ЖШС-не қатысты әкімшілік ісі қаралды.
13 наурызда 2017 жылы Алматы қаласы Бостандық ауданының кірістер басқармасының қызметкерлерімен камералдық бақылау жүргізу барысында, сондай-ақ 16.07.1999 жылғы Қазақстан Республикасының «Алкогольдік өнім және этил спиртінің айналымының өндірісін мемлекеттік реттеу» № 429 заңын бұзғаны анықталған, «Central Asia Beer» ЖШС (серіктестік немесе заңды тұлға) заңды мекен жайы Алматы қаласы Абай көшесі 115 а/112 үй ілеспе ілеспе жүкқұжаттарынсыз алкогольдік өнімдер сақтағаны анықталған, атап айтқанда Пилснер сырасы, жалпы саны 21 240 литр жалпы сомасы 11 230 578 теңге, алкогольдік өнімнің пайдасы анықталмаған.
Сот отырысында «CAB» ЖШС-нің өкілдері өз кінәсін толық мойындады.
Сот қаулысымен жеке кәсіпкер «CAB» ЖШС-гі әкімшілік құқық бұзушы болып танылып, әкімшілік жаза түрінде 150 айлық есептік көрсеткіш 340 350 теңге көлемінде айыппұлға және жалпы саны 21 240 литр, жалпы сомасы 11 230 578 теңгені құрайтын алкогольдік өнімі тәркілеуге тартылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.