Алкогольдік өнімді заңсыз өткізгені үшін айыппұл
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында ҚР-ның ӘҚБтК-нің 200 бабының 1 бөлігі бойынша А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
21 ақпанда 2017 ж. сағат 22.20 шамасында Алматы қаласы Түрксіб аудандық АІІБ қызметкерлерімен жедел іс-шара өткізу барысында азаматша А. Алматы қаласы Акан Сері көшесі 143 үйде орналасқан жеке кәсіпкер Сыдыковаға тиесілі «Лаура» дүкенінде бола тұра, 21 жасқа толмаған Т.-ке «алькогольдік» сырасын сатқан, атап айтқанда 150 теңгеге бағаланған 1 бөтелке «ДК» алкогольдік ішімдігін сатқаны анықталған.
Сот қаулысымен құқықбұзушы А. 10 айлық есептік көрстекіш, яғни 22 690 теңге көлемінде айыппұлға және 2 ай мерзімге алкогольдік өнім сату қызметін тоқтата тұру жазасына тартылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.