Жол патрульдік полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамағаны үшін әкімшілік қамауғатартылды.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Қазақстан Республикасының  ӘҚБтК-нің  613 бабының 7 бөлігі бойынша К-ға қатысты әкімшілік істі қарады.

12 тамыз 2017 жылы сағат 22:20 шамасында  К., транспорт құралын жургізу құқығынан айырылған тұлға бола, «Great Wall Haval» автокөлігін Алматы   қаласы Айманов көшесімен оңтүстік бағытта Тимирязев көшесінің қиылысында басқара отырып, құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен тоқтатылған,  полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбау түрінде іс әрекеттер жасап, медициналық сараптамадан өтуден бас тартқан.

Сот отырысында К. кінәсын толық мойындап, өзінің  транспорт құралын жургізу құқығынан айырыла отырып, медициналық сараптамадан өтуден бас тартқанын көрсетті.

Сот қаулысымен К. құқықбұзушы болып танылып,әкімшілік жаза ретінде  20 тәулікке әкімшілік қамауға тартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласы мамандандырылған ауданарлық әкімшілік соты