«Жеке айыптау істерін қаралу ерекшеліктері»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы  қаласы Алатау аудандық сотында «Жеке айыптау істерін қаралу ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге аудандық соттың судьялары, Алматы қаласы Алатау аудандық прокуратурасының, Алматы қаласы ІІД-нің Алатау аудандық ІІБ-ның өкілдері мен Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаттары қатысты.

Дөңгелек үстел барысында жеке айыптау істері бойынша түскен арыздарды тіркеу тәртібі, сотта қаралу ерекшеліктері туралы мәселелер талқыланды.

Сот төрағасы Д.Тілеубаев 2017 жылдың 8 айында қаралған жеке айыптау істері бойынша статистикалық мәліметтерді баяндай келе, жеке айыптау арыздарын сотқа жолдау барысында ішкі істер басқармасы  қызметкерлерінің  жіберген кемшіліктері туралы айтып өтті.

Іс-шарада аудандық соттың судьялары  қатысушылардың сұрақтарына жан-жақты жауап беріп, өзара пікір бөлісті.

Қайнар: 
Алматы қаласы Алатау аудандық соты