Жазаны өтеу мекемесінде мәжбүрлі түрде нашақорлықтан емделу тағайындалған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотында А.-ны Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296 бабының 4 бөлігімен айыптау (есірткі заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғаны, 2017 жылдың 29 маусымында Алматы-1 станциясындағы ЖІІБ-ның қызметкерлерімен Алматы-2 станциясы темір жолында  жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде күдікті А. ұсталып, жеке тінту барысында 3 пакетке оралған салмағы 1,16 героин есірткі затты алынған.

Басты сот талқылауында сотталушы А. тағылған айып бойынша кінәсін толығымен мойындады.

Сот үкімімен А. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296 бабының 4 бөлігінде көрсетілген қылмысты жасауда кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып,  жазаны қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орта мекемесінде өтеу белгіленді.

Қазақстан Республикасының ҚК-нің 91 бабының 1 бөлігінің 4 тармағына сәйкес,  сотталған А.-ға жазаны өтеу мекемесінде мәжбүрлі түрде нашақорлықтан емделу тағайындалған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

    

Қайнар: 
Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық соты