Жауапкер өзіне жүктелген міндеттерді орындамаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкер «К» АҚ жауапкер Ш.-тан қарызды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс  қаралды.

Азаматтық істің құжаттарынан, 25 сәуірде 2015 жылы «К» АҚ және Ш. арасында «Контрактный телефон» акциясына қатысу туралы келісім болған. Келісім бойынша оператор абоненке абонентік құрылғысын «Galaxy Alpha LTE» сатады және абонентке уақтылы төлем қызметін береді, ал абонент абоненттік құрылғыны сатып алып, пайдаланып және Келісім бойынша ақшасын төлейді.

Іс құжаттарынан, жауапкер өзіне алған міндеттерді тиісті түрде орындамаған, осыған байланысты оның қарызы 346 780 теңгені құраған.

Судья ҚР АІЖК 145 бабының 1 бөлігінің, 2 тармақшасына сәйкес, оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатын істер талап қою бағасына қарамастан, талап қоюшы ұсынған, жауапкердің ақшалай міндеттемелерін белгілейтін құжаттарға және (немесе) шарт бойынша берешекті растайтын құжаттарға негізделген талап қою арыздары бойынша.

Сот талап арызды қанағаттандыруды шешеті.

Шешім заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Алматы қаласының Медеу аудандық соты