Жауапекрдің әрекетімен залал келтірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талапкер К.-ның жауапкер П.-дан залалды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс материалдарынан анықталды, талапкер К. жауапкер П. «Фирма АДС» ЖШС-нің пайдасына залал сомасын өндіру талабымен сотқа жүгінді, себебі, талапкер «Фирма АДС» ЖШС-нің қатысушысы болып табылады, жарғылық капиталы 51%. Қатысушылардың жалпы жиналыс хаттамасымен көрсетілген келісім шарт негізінде «Фирма АДС» ЖШС-нің қатысушылар құрамы өзгертілген, К.-ны құрамына қосу жолымен, ал үлестер сәйкесінше қайта бөлінді. К.-ның үлесі – 51 % жарғылық капиталын құрады, П.-ның үлесі – 49 % жарғылық капиталын құрады. Сонымен бірге, бас директор уәкілеттігі серіктестіктің бұрынғы директоры П.-ның  уәкілеттігі сақталды.

П.-ның уәкілеттігі қатысушылардың жалпы жиналысының негізінде 29.04.2016 жылы мерзімі өткен.

24.10.2014 жылы серіктестік «КазАвтоЖол» АҚ-мен автокөлік жолдарын қалпына келтіру бойынша жұмыстарды атқару келісім шарты жасалған. Атқарылатын жұмыс бағасы 3 066 704 479 теңгені құраған.

Берілген қосалқы мердігер бойынша құжаттарды қарау кезінде анықталғаны, 201 411 618 теңге көлемінде жұмыстан ауытқыған. «АНЭО» ЖШС-нің мамандарымен қорытынды ұсынылған, оған сәйкес, жауапкердің әрекетімен серіктестікке және серіктестік қатысушыларына 285 316 319 теңге көлемінде шығын келтірілген. Сот отырысы кезінде сотпен тағайындалған сараптама көрсетті, «Фирма АДС» ЖШС-нің қосалқы мердігерлік шартын орындау және жасау нәтижесінде келтірілген шығын, алынбаған сыйақы көлемі 4% жалпы 143 913 040 теңгені құраған, ол тура шығындар көлемінен құралған – 33 845 746 теңге. Қосалқы мердігерлік шарты бойынша шығын көлемі – 110 067 293 теңгеде анықталған.

Сотпен нақты анықталғандай, талапкермен жоғалған пайданы негізді есептеуі ұсынылмаған.

Сот шешімімен талап арыз ішінара қанағаттандырылды. П.-дан «Фирма АДС» ЖШС-нің пайдасына келтірілген залал сомасы 75 514 901 теңге өндірілді. Талапкердің жауапкерден жіберіп алынған пайда сомасын өндіру туралы талап бөлігі негізсіз және қанағаттандырылуға жатпайды.

Шешім заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты