Жалғыз бастытұлғалардың пәтерлерін алып алуды ойластырған қылмыстық топтың қатысушыларына алқабилер айыптау кесімін шығарған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қылмыстық істі алқабилермен қаралып аяқталды.

Сотпен 2016 жылдың ақпан мен наурыз айларының аралығында құрамында 7 адамдары бар қылмыстық топ пайда табу мақсатымен спиртті ішімдіктерге салынған, жеке меншігінде пәтері бар жалғыз басты тұлғаларды іздестіріп, өлтіріп, кейіннен өлген тұлғаларға бет-келбеті ұқсайтындарды таңдап,сатып алу-сату шарттарын жасасып, пәтерлерді нотариустар арқылы өзгелерге сатқандығы, сондай-ақ, Алматы қаласы прокуратурасының кадр Басқармасының және Алматы қаласы ІІД-нің мәліметтеріне сәйкес құқыққорғау органдарында жұмыс істемеген қылмыстық топтың ұйымдастырушысы куәлік көрсетіп, прокуратура қызметкері ретінде нотариус Т.-мен, риелтор Д.,-К.-мен танысып, лауазымды адамның атағын өз бетiмен иемденіп алғандығы анықталған.

ҰҚТ-тың жасаған ауыр және аса ауыр қылмыстарының құрбаны Алматы қаласының төрт тұрғындары болды, оның бірі топ қатысушыларының еркiне байланысты емес мән-жайлар бойынша тірі қалған.

Алқабилермен шығарылған айыптау кесіміне сәйкес ҰҚТ-тың 6 қатысушыларына 6-дан 20 жылға дейінгі әртүрлі жазалармен сотталды, қайтыс болуына орай бір қатысушысына қатысты қылмыстық өндіріс тоқтатылды, бірлескен тәртіпте сотталғандардан жәбірленушілердің пайдасына 2 000 000 теңге соммасында моральдық зиян өтемақыны, сонымен қатар жерлеу салт-жоралар қызметіне кеткен шығындарды өндіруге жатады.

Сондай-ақ, сотпен ІІБ ТБ ЖАҚҚТБ ІІО-ның аға тергеушісімен, Алматы қаласы прокуратура Басқармасының прокурорымен жіберілген қателіктер менпәтерлердің бірін рәсімдеумен байланысты эпизод бойынша риелторлардың әрекеттерінде қылмыстық құқықбұзушылықтың  белгілері бар болу оқиғасы бойынша тексеруді жүргізу қажеттілік жөнінде екі жеке қаулы: прокурорға, Алматы қаласы ІІБ бастығына шығарылған.

Үкім заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі