Зейнетақы тағайындау туралы шешім қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотында арызданушы А.-ның жауапкер Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеметтік даму министрлігі еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаментіне, «Азаматтарға арналған үкімет Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамның Алматы қаласы бойынша филиалы – «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» Департаментіне берген Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеметтік даму министрлігі еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаментімен шығарылған А.-ға зейнетақыны тағайындау туралы шешімін заңсыз деп тану және аталған шешімді жоюды міндеттеу туралы шағымы бойынша азаматтық ісі қаралды.2017 жылғы 30 қаңтардағы Алматы қ. Алмалы ауданының №2 аудандық сотының шешімімен арызданушының шағымы жартылай қанағаттандырылды.

Істің мән-жайыннан анықталғаны, А. Зейнеткерлік жасқа толып, 2016 жылдың 29 шілдесінде, «Азаматтарға арналған үкімет Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамның Алматы қаласы бойынша филиалы – «Мемлекеттік зейнетақы төлемдерді төлеу орталығы» Департаментінің Алмалы аудандық бөліміне зейнеткерлік жасқа толуына байланысты зейнетақы төлемін тіркеу үшін құжаттарды тапсыруға жүгінді.

Соттың шешімімен, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеметтік даму министрлігі еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаментімен шығарылған Ф.-ға зейнетақыны тағайындау туралы шешімін заңсыз деп танылды.Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеметтік даму министрлігі еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаментін сот шешімін алған күннен бастап, келтірілген бұзушылықтарды толықтай қалпына келтіруге міндеттеу және бұл жайында сотқа бір айдың ішінде хабардар етуге.

Аталған соттың шешімі заңды күшіне енді.   

Қайнар: 
Алматы қаласы Алмалы ауданының № 2 аудандық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар