Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру бойынша сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385 бабының 2 бөлігімен, 385 бабының 3 бөлігімен, 31 бабының 2 бөлігімен, 394 бабының 2 бөлігімен (жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу, заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) көзделген қылмысты жасаған Қ.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды

 

2015 жылы мамыр айы мен 2016 жылдың сәуір айдың аралығында «Тулпар Инвест Плюс» ЖШС-ның атқарушы директоры К сотталушы Қазақстан Республикасына шетелдік азаматтарды шақыру бойынша визалық қолдаудың қажеттілігін және сұранысын біліп тұрып,  жалған құжаттарды пайдаланып, «Тулпар Инвест Плюс» ЖШС мен шарттық қарым қатынаста болған жоқ 55 шетел компаниялардың арасында келісімдерді қолдан жасады, сондай заңсыз әрекетімен заңсыз көші-қонды ұйымдастырған.

Сот үкімімен К. Қазақстан республикасының қылмыстық кодексінің 385 бабының 2 бөлігінде, 385 бабының 3 бөлігінде, 31 бабының 2 бөлігінде, 394 бабының 2 бөлігінде көзделген қылмыстарды жасауда кінәлі деп танылып, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға дейін айыра отырып 2 жылға бас бостандығынан айыруға жазасы тағайындалып, жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеу белгіленді.ланды.

 

Үкім заңды күшіне енді.

 

Қайнар: 
Алматы қаласы Алмалы аудандық соты