Заңды тұлғаның талап арызы қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотымен талапкер «Platinum Collection» ЖШС-нің жауапкер «Б» қарыз өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

11 ақпанда 2014 жылы талапкер мен жауапкер арасында Банктік несие беру шартына сәйкес жауапкерге 1 150 000 теңге көлемінде тұтынушылық несиесі берілгені сотпен анықталды. Несие алушы несиені уақытылы банкке қайтару туралы міндетті орындамаған.

Жауапкер «Б»-ның несие шартына сәйкес жүктелген міндеттерін уақытылы орындамағаны сотпен анықталды. 

Соттың шешімімен талапкер «Platinum Collection» ЖШС-нің жауапкер «Б» қарыз өндіру туралы талап арызы қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық соты