Заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында ҚР ӘҚБтК 262  бабы (бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының және бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушының өздерінің қызметіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу) бойынша  «Сентрас Секьюритиз» АҚ  қатысты әкімшілік істі қарады.

Заңға сәйкес,  «Сентрас Секьюритиз» АҚ  бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы және нақтылы ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығы бар бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушы,  сондай-ақ, ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығынсыз инвестициялық портфельді басқару бойынша қызметті жүзеге асыру лицензиясының иесі болып табылады.

2016 жылы наурызда ҚР Ұлттық Банкінің тексеру актісінің негізінде «Сентрас Секьюритиз» АҚ  тексеру нәтижесінде заңдылықты бұзғаны анықталған, сонымен қатар, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының және бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушының өздерінің қызметіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзған.

Осылайша, белгіленген жағдайларда сенімсіз және көкейтесті емес АҚ-ның  ішкі есепке алу жүйесінің журналдарын: инвестициялық шешімдерді есепке алу журналында және олардың орындалуы бойынша ақпараттар дұрыс көрсетілмеген, «АФРИ «Венчурный фонд «Табыс» АҚ-ның тұтынушы  активтері мен өзінің активтері бойынша инвестициялық шешімдерді орындау бойынша мағлұматтар дұрыс берілмеген.

Сот қаулысымен құқықбұзушы «Сентрас Секьюритиз»  АҚ әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі дп танылып,  300 айлық есептік көрсеткіш,  6 36 300  теңге көлемінде әкімшілік жаза түріндегі әкімшілік айыппұлға тартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының баспасөз қызметі