Жаңалықтар

Сот өмірінен бір күн Дәстүрге берік

23/04/2024

Дүбірлі спорт әлемінде жүгіру марафонына қатысу физикалық төзімділіктің ғана емес, сонымен қатар ерік-жігердің, табандылықтың сынға түсер сәті. Жүгіру марафоны - қашықтық бойынша дәстүрлі жүгіру ғана емес, бұл алдағы оқиғаны күту қуанышы мен атмосферасының түрлі бояуларына толы көңілді мереке.

Тұрғын үй төңірегіндегі дау

17/04/2024

2023 жылдың мамыр айында Алматы қаласының Медеу аудандық сотында өсиетті жарамсыз деп тану туралы талап арыз бойынша азаматтық істі қарау аяқталды.

Бұл оқиғадағы жағдай екіұшты: деменциямен ауыратын жалғыз мүгедек зейнеткер онымен екі айдан астам уақыт бірге тұрған бейтаныс әйелге өсиет бойынша пәтер қалдырды.

2021 жылдың мамыр айында Алматыда 78 жасында мүгедек зейнеткер Маргарита Жилинская кенеттен қайтыс болды.

Қарт әже соңғы жылдары тұрған пәтер, өсиет бойынша әлеуметтік қызметкер Г.Сатыбалдыға бұйырды.

Өсиетті нотариус тиісті тізілімде тіркеді.

Заңсыз әрекеттері үшін жазаланды

16/04/2024

Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР ӘҚБтК 73-2-бабының 1-1-бөлігі (ұрып-соғу) және 147-1-бабының 1-бөлігі (бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) бойынша құқық бұзушы К.жасаған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

Істің мәні мынадай 2024 жылғы 4 сәуірде сағат 00.00 шамасында Алматы қ. көшелерінің бірінде болған кезде К бұрынғы жұбайы А-мен жанжал шығарып, оған соққы беріп, телефонын қасақана сындырып, нәтижесінде 700 000 теңге сомасына материалдық залал келтірді.

Қол көтерді – заң бойынша жауапқа тартылды

16/04/2024

 

Алматы қ. ӘҚ жөніндегі МАС-та денсаулыққа жеңіл зиян келтірместен, физикалық ауырсыну тудырған өзге де зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау ретінде сараланған ұрып-соғу фактісі бойынша құқық бұзушы К.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды (ҚР ӘҚБтК 73-2 б., 1 б.).

Сот өткен аптада К. масаңдау халде бола тұрып, қаланың қарбалас көшелерінің бірінде орындықта отырған жәбірленуші Ф-ны ұрып, жанжал шығарғанын анықтады. Құқық бұзушыны оқиға орнына жақын жерден кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдар тоқтатқан.

Алматы қалалық сотында «Кінәсіздік презумпциясы» тақырыбында каскадтық тренинг өтті

09/04/2024

Қалалық соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы Е. Даулиев өзінің алғысөзінде кінәсіздік презумпциясын қамтамасыз ету саласында азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етудегі қаланың сот корпусының, мемлекеттік органдардың, құқық қорғау секторының және адвокаттар алқасы өкілдерінің барынша тиімді жұмысына қол жеткізу жөніндегі тренинг міндеттерін атап өтті.

«Қадір-қасиет» ҚБ директоры А. Ибраева мемлекет пен азаматтық қоғамның ҚР-да адам құқықтарын қорғау жөніндегі күш-жігерін нығайту жөніндегі жобаны таныстырды.

Монша кешеніндегі балалар лагері

09/04/2024

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотында М-ға. (ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 366-бабының 3-бөлігінің 3-тармағы айыпталған) және Н.-ға (ҚР ҚК-нің 28-бабының 3-бөлігі, 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен айыпталған) қатысты қылмыстық іс қаралды.
  
Сотпен анықталғаны

Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушы болып танылды

05/04/2024

Алматы қалалық сотында ЖШС-ін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушы деп тану туралы азаматтық ісін қарау аяқталды.

Осыған дейін Алматы қаласының МАЭС-да Жоғарыда аталған іс бойынша талап-арызды қанағаттандыруға тапсырыс берушінің талаптарына байланысты жеткізушінің өз міндеттемелерін орындамауы негіз болған.

«Алқабилер сотына қандай тыйым салынады»

28/03/2024

тақырыбында өткен интервью бейнеролигін назарларыңызға ұсынамыз.

Спикер:
Алматы қ. қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы
-Бақытхан Бәкірбаев

Сілтеме бойынша таныса аласыздар: https://www.youtube.com/watch?v=1P8xhtRTnwk&ab_channel=AlmatyTVNews

Бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылды

28/03/2024

Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен А.-ға қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша (ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі) материал қаралды.

Сотпен анықталғаны, 2024 жылдың 26 наурызында «Л» кафесінің жанынан өтіп бара жатқан адамдар, А.-ның мылтық ұстап тұрғанын көрген. А. мылтықты алып тастау туралы ұсынысқа жауап бермей, сонымен бірге әдепсіз сөздер айтып, өзгелерге сыйламаушылық танытып, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзған.

Сотта А. өз кінәсін мойындап, істеген ісіне өкініш білдірді.

Судьялыққа іріктеу –  үміткерлер үшін маңызды кезең

27/03/2024

Алматы қалалық сотында өткен Алматы қ. соттарымен өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңестің кезекті отырысында судья лауазымына орналасуға соттардың қазіргі төрағалары және судьяларымен, сондай-ақ судья лауазымына үміткерлермен әңгімелесу жүргізілді. Конкурсқа барлығы 70-тен астам адам қатысты.

Беттер