Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік қамаққа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында ҚРӘҚБтК 434 бабының 1 бөлігімен  А-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.

10 сәуірде 2017 ж. сағат 18.30 шамасында  азамат А. Алматы қаласы Рысқұлов көшесінде орналасқан «Еркежан» дүкенінің қасында бола тұра қоғамдық орынды ластаған, пісте шағып оның қалдығын жерге тастаған, белгіленбеген жерде қалдықты тастаған, сонымен қатар қоршаған ортаға құрметтемеушілік танытып ӘҚБтК 434 бабының 1 бөлігімен ұсақ бұзақылық жасаған.

Сот отырысында А. өз кінәсын мойындады.

Сот қаулысымен А. әкімшілік құқықбұзушы болып танылып, әкімшілік өндіру түрінде, 1  тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасына тартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласы мамандандырылған ауданарлық әкімшілік соты
Пікірлер мен ұсыныстар