Ұсақ бұзақылық асағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында ҚРӘҚБтК 434 бабының 1 бөлігі бойынша  Н-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.

10 мамырда 2017 ж. сағат 19-30 шамасында  азамат Н. Алматы қаласында орналасқан Халықаралық әуежайының аумағында бола тұра қоғамдық орында жалаңаш күйде азаматтарға тиіскен, сонымен қатар қоршаған ортаға сыйластық танытпай, қоғамдық тәртіпті бұзып ұсақ бұзақылық жасаған.

Сот отырысында Н. өз кінәсын толық мойынады.

Сот қаулысымен Н. әкімшілік құқықбұзушы болып танылып, әкімшілік өндіру түрінде,9  тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласы мамандандырылған ауданарлық әкімшілік соты