Үкім заңды күшіне енген жоқ

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан РеспубликасыҚылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігімен (адам өлтіру), 188-бабы 2-бөлігі 3)-тармағымен (үй-жайға заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) көзделген қылмыстарды жасаған С.-ға, Қазақстан РеспубликасыҚылмыстық кодексінің 434-бабымен (қылмыс туралы хабарламау) көзделген қылмысты жасаған Ф.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотпен 2017 жылдың 10 қаңтарында С., Ф. және жәбірленуші Х. жиһаз цехінде спирттік  ішімдіктерді ішкен. Ішу барысында С. мен Х.-нің арасында төбелес басталып, Х. пышақпен Ф.-ға кесілген жарақат салған. Сол кезде С. Х.-ның қолынан пышақты тартып алып, жәбірленушіге 17 жарақат салған. Алынған дене жарақаттардан соңғысы сол жерде қайтыс болған. Кейін С. қазандық бөлменің аспалы құлыпты сындырып, жалпы сомасы 280 000 теңге болатын цех иесінің құнды мүлкін  ұрлап, Ф.-мен бірге қылмыс болған жерден жасырынған. Өз кезегінде Ф. С. жасаған қылмысы - адам өлтіруі туралы анық біле тұра тиісті құқыққорғау органдарына хабарламаған.

Сотта сотталушы С. өзінің кінәсін ішінара, Ф өзінің кінәсін толық мойындаған.

Сот үкімімен С. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігімен, 188-бабы 2-бөлігі 3)-тармағымен сотталған, ҚК-нің 58-бабы 3-бөлігіне сәйкес оған 11 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы мүлкі тәркілене отырып тағайындалды. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің толық қауіпсіз мекемелерінде өтеу  белгіленді.

Ф.-ға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 434-бабымен 2 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы тағайындалған. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу  белгіленді. ҚК-нің 74-бабы 1-бөлігіне сәйкес оның жүкті болуына орай жазаны орындау бір жылға кейінге қалдырылған.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты