Тәжік азаматы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін елден шығарып жіберілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы №2 Әуезов аудандық сотымен шетел азаматын Қазақстан Республикасының шекарасынан шығарып жіберу туралы талапкердің талап арызы боынша азаматтық іс қаралды. 

Талапкер жоғарыда аталған талап арызымен сотқа жүгінді, өзінің талап арызын келесідей дәлелдемелерге жүгінетінін мәлімдеді. 2014 жылы шет ел азаматы Б. Қазақстан Республикасына заңсыз келген. Ол заңсыз Қазақстан Республикасына келе тұра, шет ел азаматтарының Қазақстан Республикасына келу тәртібін бұзған, заңмен белгіленген уақытта Көш-Қон полициясына барып тіркелмеген, Алматы қаласында өзі жалға алған пәтерлерде заңсыз тұрған. Талапкер Тәжік Республикасының азаматын Б-ны Қазақстан Республикасының шекарасынан шығарып жіберуді сұрады.

Сот аталған азаматтық істі қарап талап қоюшының талаптарын қанағаттандырды.

Шешім заңды күшіне енген.

Қайнар: 
Алматы қаласы Әуезов ауданының № 2 аудандық сотының баспасөз қызметі