Тұлға тұрғын үймен пайдалану құқығынан айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алатау аудандық сотында И.И.-ның  И.А.-қа, «Алматы қаласы тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы» МКМ-не тұлғаларды мемлекеттік тұрғын үй қорындағы  тұрғын үймен немесе жергілікті атқарушы органмен жалға алынған жеке тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдалануға құқықтары жойылған деп тану туралы  азаматтық іс қаралды. 

 

Сотта,  жалға алу шарты бойынша барлық отбасы мүшелері, сонымен бірге И.А.-та даулы Алматы қаласы Алғабас шағынауданы 150 үй 2 пәтерде тұрмайтыны, мүлікті күтіп ұстау ауыртпалығы және коммуналдық шығындарды өтемейтіндері  анықталған.

Сонымен қатар, И.А. өзі де  сот отырысында даулы пәтерде бірде-бір күн тұрмағандығын растаған.

 

Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енген.

Қайнар: 
Алматы қаласы Алатау аудандық соты