Тіқ ұшақтың құлауы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алатау аудандық сотында талапкер Сабирова Г.M. «Авиакомпания «ЕВРО-АЗИЯ ЭЙР» АҚ-ның атынан Басқарма төрағасы А.Джанжаркеновтан асыраушысының қайтыс болуына байланысты моральдық зиянды өндіру туралы азаматтық ісі өндірісімен аяқталды.

Сот мәжілісінде нақты анықталғандай, Ми-8Т құлдырауы - Алматы облысының Алакөл ауданында 2012 жылғы 24 қарашада әуе-көлік оқиғасы болып, Ми-8Т тікұшағының құлдырауы орын алған. Нәтижесінде, әуе-көлік оқиғасының салдарынан  сегіз (8) адам қайтыс болып, соның ішінде  талап қоюшының жұбайы Сабиров К.Н. да өлген.

1 тамыз 2013 жылғы Ми-8Т тікұшағынының апат себептерін  тексеру қорытынды есебінде, апатқа ұшыраған МИ-8Т тікұшағынының құлауына үш себепке байланысты болғандығы көрсетілген.

05.09.2013 жылғы «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС-нде жасақталып, осы ЖШС-нің Бас директоры И.Го қол қойылған өндірістегі апат жайлы № 1 Актісінде, «Авиакомпания «Евро-Азия Эйр» АҚ-на тиесілі МИ-8Т тікұшағының құлдырауы болып, қорытындысында талапкердің жұбайы Сабиров К.Н. да қайтыс болғандығы расталған.

Аудандық соттың шешімімен талап арыз жартылай қанағаттандырылды: жауапкерден Сабирова Г.М. пайдасына 2 000 000 (екі миллион) теңге мөлшерінде моральдық  зиян өндірілді.

 

 

Қайнар: 
Алматы қалалық сотының Баспасөз қызметі