Тексеру актісіне біржақты қол қойылған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талапкер «А-Б» ЖШС-нің банкроттық басқарушысы жауапкер «MG» ЖШС-нен қарыз сомасын өндірутуралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс материалдарынан анықталды, «А-Б» ЖШС-нің қаржылық-шаруашылық сараптамасының нәтижесінде анықталғаны, жауапкер «MG» ЖШС-гі оның алдында 1 668 225 теңге көлемінде қарызы бар, 01.01.2013 жыл-31.12.2016 жыл аралығындағы өзара есеп айырысуды салыстыру актісі куәландырады және «А-Б» ЖШС-нің балансына дебиторлық қарыз расшифровкасымен.

Талапкер жауапкердің  ЖШС-нің алдында 1 668 225 теңге көлемінде қарызы бар екендігін айтты, соның негізі ретінде 01.01.2013 жыл-31.12.2016 жыл аралығындағы өзара есеп айырысуды салыстыру актісіне және «Алматы-Бетон» ЖШС-нің бухгалтерлік балансына дебиторлық қарыз расшифровкасына сілтеме жасайды.

Осылайша, талапкер тарабымен жауапкерден өндіріп алуды талап еткен қарыз сомасының негізі ретінде  ешқандай жазбаша келісім шарт ұсынылмаған.

Осыдан бөлек, жоғарыда көрсетілген 01.01.2013-31.12.2016 жж. аралығындағы өзара есеп айырысуды салыстыру актісіне бір жақты ғана қол қойылған, яғни  «А-Б» ЖШС-мен ғана қол қойылған, бухгалтерлік баланстың өзі алғашқы бухгалтерлік құжаттамаға жатады. Осыған байланысты, көрсетілген құжаттар «А-Б» ЖШС-гі мен жауапкер арасында келісімнің жасалғаны туралы дәлел болмайды, нәтижесінде жауапкердің «А-Б» ЖШС-гі алдында 1 668 225 теңге қарыз сомасы пайда болған.

Сот шешімімен талап арызын қанағаттандыруда бас тартылды.

Шешім заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты