Тараптардан медиативтік келісім түсті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотында К. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188 бабы 2 бөлігінің 3 тармағымен айыптау бойынша (ұрлық, бөтеннің мүлкін қызметтік үй-жайға заңсыз кіру арқылы жасырын түрде жымқыру) қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғаны, 2017 жылдың 14 сәуірінде сотталушы К. Алматы қаласы Құлагер ықшам ауданында орналасқан қызметтік үй-жайға заңсыз күру арқылы жәбірленуші С. тиесілі, құны 70 000 теңге тұратын, «Самсунг J-5» маркалы ұялы телефонын жасырын түрде жымқырып, оқиға болған жерден бой тасалаған.

Басты сот талқылауында сотталушы К. тағылған айып бойынша кінәсін толығымен мойындады. Сонымен қатар, сот мәжілісінде сотқа тараптардың медиация нәтижесінде өздері қол жеткізген жазбаша келісімі, яғни дауды реттеу туралы келісім келіп түсті.

Соттың қаулысымен К. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігінің 3-тармағымен айыптау туралы қылмыстық іс Қазақстан Республикасы ҚК-нің 68 бабының 1-бөлігінің негізінде, яғни сотталушының жәбірленушімен медиациялық тәртіпте татуласуына және сотталушының келтірілген зиянды өтеуіне байланысты,, сотталушыны қылмыстық жауаптылықтан босатумен қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық соты