Тараптар медиативтік келісімге келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотында М.-ның Б.-дан қарызды өндіріп алу туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

Іс материалдары бойынша жауапкер Б. талапкерден 160 660 теңге алған, алайда 40 660 теңгесін төлеп, қалған 120 000 теңгені жақынарада беруге міндеттеніп, ол туралы қолхат жазып берген.

Бірақ қолхатта белгіленген мерзімнің өтіп кетуіне қарамастан, жауапкер талапкер алдындағы өз міндеттемесін орындамаған.

Сот талқылауы барысында тараптар келесі шарттарда медиациялық келісімге келді: жауапкер жоғарыда көрсетілген қарызды мойындап, борышты 2017 жылдың 31 шілдесіне дейін бөліп төлеуге міндеттенді, ал талапкер өзінің талап арызынан бас тартты.

Сот ұйғарымымен медиативтік келісім бекітілді.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласы Наурызбай аудандық соты