Тараптар дауды медиация тәртібінде реттеді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Әуезов ауданының № 2 аудандық сотында «Қазақ ұлттық Аграрлық Университеті» Акционерлық Қоғамының азаматша Т.К.-ға қатысты тұрғын бөлмеден шығару туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот барысында тараптар дауды медиациялық келісім бойынша шешу туралы өтініш білдірді.

Сот медиациясының нәтижесі бойынша жауапкер 30.09.2016 жылына дейін тұрғын бөлмені босатуға және талапкерге 30.09.2016 жылына дейін бөлмеде тұрғаны үшін ай сайын 16881 теңгеден төлеуге міндеттенді. 

Сот медиациялық келісімді бекітіп, аталған іс бойынша өндірісті қысқартып, талапкерге мемлекеттік бажды бюджеттен қайтарды.

Сот ұйғарымы күшіне енген жоқ. 

Қайнар: 
Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі