Тараптар бітімгершілік келісімге келді.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында ашық сот отырысында талапкер «А»-ның  «Б»-ға қарыз сомасын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

«А» жоғарыда көрсетілген талабымен сотқа жүгінді.

Сот отырысында тараптар «А» және «Б» арасында жасалған бітімгершілік келісімнің шартын ұсынды. Негізгі келісім бойынша жауапкер  4 378 000 тг көлеміндегі қарызын мойындайды, ал тараптардың келісіміне орай жауапкердің талапкердің алдындағы 4 378 000 тг. көлеміндегі қарызы жауапкермен келесі жағдайда өтеледі: жауапкер 24 айдың ішінде, 2017-ші жылдың 15-ші қазан айынан бастап, тең мөлшерде ай сайын  182 417 тг-ні өтейді. Өтеудің уақыты әр айдың 15-і күні. Толық өтелудің мерзімі 2019-шы жылдың 15-ші қыркүйегі. Өтеу талапкердің банктік шотына қолма қолсыз формада аударылып тұруы тиіс. Ал қалған бөлігінде, яғни 532 751 теңге көлеміндегі тұрақсыз сомасын өндіру, 250 000 теңге көлеміндегі өкілдің қатысқандығына төлеу. Талапкер өз еркімен талабынан бас тартады.

    Тараптар соттан көрсетілеген бітімгершілік шартты мақұлдап, іс бойынша өндірісті тоқтатуын сұрады.

Тараптармен жасалған бітімгершілік келісімнің заңға қайшы келмейтіндігін есепке алып, екі тараптың қызығушылығымен жасалған және олардың жасалған бітімгершілігі басқалардың қызығушылығын бұзбайтындығын ескере отырып, сот «А» мен «Б» арасында жасалған бітімгершілік келісімді жоғарыда көрсетілген шарқа сәйкес бекітті.

Аталған іс бойынша –өндіріс тоқтатылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласы Бостандық аудандық соты