Талап арыз толық көлемде қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында талапкер “Capital Bank Kazakhstan”  АҚ-ның жауапкер С.-ға қатысты   қарыз соманы өндіру туралы  азаматтық іс қаралды.

2014 жылдың қараша айының 19-жұлдызында  «Еуразия банк» АҚ-мен  С. арасында  банктік қарыз шарты арқылы  жасасқан келісім бойынша, жауапкерге жылына 22% сыйақы мөлшерімен, 36 ай мерзіміне,  1 389 600 теңге сомасын  берген болатын.

Қарызға алушы  қарыз шартын жасасқан күннен бастап қарыз шартында көрсетілген күннен кешіктірмей, ай сайын төлем құйып тұруға міндеттелген болатын,  алайда келісімнің  бұл бөлігін  жауапкер орындамаған, тұрақты мекен-жайына  ескертулер жіберілген.

«Еуразия банк» АҚ-ы және “Capital Bank Kazakhstan” АҚ-ы арасында  Цессия  шарты  жасасқан, сол шарт бойынша “Capital Bank Kazakhstan” АҚ-ы  «Еуразия банк» АҚ-нан қарыз шарты бойынша қарыз алған тұлғалардан қарыз соманы талап етуіне құқылы.

Жауапкередің 2017 жылдың ақпан айының  06-ы жұлдызы бойынша, қарыз көлемі 1 650 860 теңгені құрайды.

Сот шешімімен “Capital Bank Kazakhstan” АҚ-ның қарызды өндіру туралы талап арызы қанағаттандырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласының Жетісу аудандық соты