Талап арыз ішінара қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бостандық аудандық сотында талапкер «KaspiBank» АҚ-ның жауапкер «К»-ға  қатысты қарызды өтеп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талапкер «KaspiBank» АҚ мен  жауапкер «К» арасында көлік құралын алуға 1 464 600 теңге сомасындағы  банктік займ туралы келісім жасалды. Кепіл ретінде  VOLKSWAGEN Polo автокөлігі қосылды.

Келісім шарттары бойынша жауапкер әр ай сайын қарызды өтеп тұру қажет болатын алайда өз міндеттерін орындамаған.

Сол себептен келісім  бойынша  1 .556 .927   теңге мөлшерінде қарыз сомасы жиналған.

Сот шешімімен талапкер «KaspiBank» АҚ-ның талап арызы ішінара қанағаттандырылды. яғни 1 479 294  теңге сомасын өндіруге қаулы етті.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласының Бостандық аудандық соты