Талабын қанағаттандырудан бас тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талапкер «ATC» ЖШС-нің жауапкер «СК «СИ» АҚ-нан сақтандыру төлемін жүзеге асырудан жауапкердің бас тартуын заңсыз деп тану және сақтандыру сомасын өндірутуралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс материалдарынан анықталды,«ATC» ЖШС-гі мен «СК «СИ» АҚ-мы арасында туроператор мен турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісім шарты жасалған, сақтандыру полисін беру арқылы, 7 408 000 теңге сомасына.

Сот талқылауы кезінде сақтандыру жағдайынан шығындарды азайту мақсатында өз шотынан күшін жойған қайталама туристердің толық айналым жолын төлеген FITHOLIDAYS-та көрсетілген 36 171 доллар, төлем кезінде 6 579 505 теңгеге баламалы болған, құжаттама түрінде дәлелденген жоқ. Сонымен бірге сотқа көрсетілген туристердің қайталама айнамылы үшін FIT HOLIDAYS пайдасына төлем тапсырмасы арқылы төленгені туралы дәлелдер ұсынылған жоқ. Осыдан бөлек, аталған төлем құжаттары «RT» ЖАҚ-ның әрекеті уақытша тоқтатылғанға дейін күні көрсетілген, туристік операторлық әрекетті жүзеге асыру кезінде туристердің мүліктік мүддесіне келтірілген зиянды өтеу фактісінің дәлелі бола алмайды.

Сот шешімімен «ATC» ЖШС-нің талап арызын қанағаттандырудан бас тартылды.

Шешім заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты